“Жаратыстану сыры ғылымда”
“Жаратыстану сыры ғылымда” атты химия, биология, география онкүндігі аясында ұзақ үзілісте-Денсаулық бұрышы өткізілді.
Биология әлеміне саяхат
Биология апталығында 10 сынып білім алушыларымен <Биология әлеміне саяхат> тақырыбында өткізілген сыныптан тыс сайыс сабағы.
Көңілді қоңырау
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында оқушыларға “Көңілді қоңырау” ұйымдастырылды.
Көңілді қоңырау
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында оқушыларға “Көңілді қоңырау” ұйымдастырылды.
16.01.2024ж күні 2 В сыныбы, Қазақ тілі сабағынан үзінді.
Сабақтың тақырыбы: Омоним дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты: Сөз және олардың мағынасын түсінеді ажырата алады. Омоним сөздер айтылуы, дыбысталуы бірдей мағынасы әр түрлі сөздер екенін түсінеді.Оқушылар омоним сөздерді түсініп қана қоймай практика жүзінде көрсете білді. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Сынып жетекшісі: Дуйсенбаева Жадыра
Көңілді қоңырау: “Цифрлық әлем” 🌟
Бүгін мектебіміздің информатика мұғалімі Кылычева Аймекен жас мамандардың онкүндігі аясында 2-сынып оқушыларымен ерекше “Көңілді қоңырау” өткізді Іс-шарамыздың басты тақырыбы – “Цифрлық әлем”.
“Тұнып жатқан бұлақтың көзін ашқан, бар білім бастауыштан қалыптасқан”
N11 ЖББ мектеп КММ де ағымдағы жылдың 20 -желтоқсан күні “Тұнып жатқан бұлақтың көзін ашқан, бар білім бастауыштан қалыптасқан” атты бастауыш сыныптар ұйымдастырған он күндік аясында Елшибекова Мөлдір ,Абдрахманова Дина бірлесіп 3 - сыныптар арасында “ Білгірлер” атты интеллектуалды сайыс өтті.
Тәуелсіздік күніне орай
Тәуелсіздік күніне орай «Тұнып жатқан бұлақтың көзін ашқан, бар білім-бастауыштан қалыптасқан» атты мектепішілік бастауыш онкүндігінде 2-3-4 сынып оқушылары арасында «Ең үздік макет» байқауы ұйымдастырылды.
“Шертпек”
Мектебімізде 19 желтоқсан күні 4-сыныптар арасында көңілді қоңырау ұйымдастырылып ,қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында “Шертпек” асық ату ойыны ойнатылды.
Өткізген : Нуржауова Ж.М
IQ-Дода интеллектуалды білімділер сайысы
Мектебімізде 9-10-11 сынып үздік оқушыларына арналған IQ-Дода интеллектуалды білімділер сайысы өтті. Мақсаты: Оқушылардың танымдық деңгейін көтеріп, қызығушылығын арттыра отырып, ізденуге, жігерлікке тәрбиелеу Сайысқа үш сыныптан 18 оқушы қатысты. Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрады: Таныстыру бөлімі, «Нысанаға дәл тигіз», «Қызық екен» сұрақ-жауап тапсырмалары берілді.Оқушылар алған білімдерін көрсетіп, ортаға салды.Сайыс нәтижесінде «Қазан айының үздігі» номинациясын 11 «А» сынып оқушысы Жалғасбай Мырзалы өзінің жан-жақты білімділігін көрсете отырып жеңіп алды.ІІ орын 10 «Б» сынып оқушысы Сисенбай Марзия, ІІІ орын 10 А сынып оқушысы Чыракбай Жанар марапатталды.


