Мектебімізде 9-10-11 сынып үздік оқушыларына арналған IQ-Дода интеллектуалды білімділер сайысы өтті. Мақсаты: Оқушылардың танымдық деңгейін көтеріп, қызығушылығын арттыра отырып, ізденуге, жігерлікке тәрбиелеу Сайысқа үш сыныптан 18 оқушы қатысты. Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрады: Таныстыру бөлімі, «Нысанаға дәл тигіз», «Қызық екен» сұрақ-жауап тапсырмалары берілді.Оқушылар алған білімдерін көрсетіп, ортаға салды.Сайыс нәтижесінде «Қазан айының үздігі» номинациясын 11 «А» сынып оқушысы Жалғасбай Мырзалы өзінің жан-жақты білімділігін көрсете отырып жеңіп алды.ІІ орын 10 «Б» сынып оқушысы Сисенбай Марзия, ІІІ орын 10 А сынып оқушысы Чыракбай Жанар марапатталды.


