Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі 25.09.2024 жылы «Мұнайшы» мәдениет үйінде ата-аналар мен 11 сынып түлектеріне кәсіби бағдар беру форумы өтті. Форумға Астана қаласынан және «Білім-Инновация» қорының профориентолог мамандар спикер болып, түлектер мен ата-аналарға қажетті ақпараттар айтылды. №11 ЖББМ түлектерінен 20 түлек қатысып, қалғандары онлайн транслациямен тамашалады. Астана қаласынан келген спикер Айдос Жұманазар Eduser қосымшасын таныстырып, гранттар туралы, таңдау пәндерінің мамандық таңдаудағы маңыздылығын түсіндірді.